KZ
Өскемен
+31°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Семейдің колледжіне кіріп кеткен бұлан орманға қайтарылды

12.06.2019, 04:08 139

Семейдегі спорт колледжінің кітапханасына кіріп кеткен бұланды өзінің табиғи ортасына қайтарды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, бұлан туралы оқиғаны өткен аптада жазған едік.  Оқиғаға қатысты аталған комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өз пікірін білдіріп, білім мекемесіне келтірілген залалды өтеп беруге дайын екенін айтқан болатын.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, аңды Ақсары кентінің маңындағы орманға қайтарыпты.

- Бұл аңның есту және сезу қабілеті жақсы дамыған, ал көзі, керісінше, нашар көреді – ол қозғалмай тұрған адамды бірнеше он метр қашықтықта мүлде көрмейді. Жабайы аңды кездестіріп қалсаңыз, оған жақындамаңыз. Абайлап, барынша үлкен арақашықтық сақтай отырып, айналып өтуге тырысыңыз. Сондай-ақ, жабайы аңға ешқашан теріс айналуға болмайды. Көз алдыңызда болсын, - деп ескертеді Сәкен Ділдахмет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив