KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
448.81 476.82 4.77

Заңсыз балық аулаған ШҚО тұрғыны 5 миллион теңге төлейді

31.05.2019, 09:07 135

30 мамыр күні тәртіп сақшылары Зайсан көліннің жағасында қайықтан автокөлігіне балық тиеп жатқан ер азаматты ұстап алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.  

Анықталғандай, заңсыз балық аулаушы үш қап көксерке, шортан және басқа да ірі балықтарды аулаған. Табиғат қорғау ведомствосы инспекторларының айтуынша, табиғатқа 500 мың теңге залал келтіріпті.

– Ұсталған азамат ҚР ҚК 335 бабы 2-тармағының 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылады. Қылмыстық іс Тарбағатай аудандық ІІБ-не процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді. Енді тәртіп бұзушыға екі мың АЕК (5 млн теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынады, – деп мәлімдеді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив