KZ
Өскемен
+15°
пасмурно Штиль
481.63 534.46 5.28

Джеки Чан Қазақстанда фильм түсіреді

8.05.2019, 05:16 209

Джеки Чан өзінің жаңа фильмін Қазақстанда түсіретін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Qazaqstan телерадио кешені басқармасының бұрыңғы төрағасы Ерлан Қарин мәлімдеді.

Белгілі актер әрі режиссер Джеки Чан елімізге мамырда келуді жоспарлап отыр. Маусым айында болашақ фильмнің локациялары таңдалып, сценарий талқыланбақ. Ал түсірілім қыркүйек-қазан айларында өтеді.

Фильм боевик жанрында болады деп күтілуде. Қазақстанда өтетін түсірілімге Голливуд жұлдыздары мен Қытай елінің актерлері келеді. Сондай-ақ, фильмге Джеки Чанның өзі де түседі екен. Біздің елден бөлек, бұл фильмнің түсірілімдері тағы Франция және Израиль мемлекеттерінде өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив