KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, ОБ
451.03 487.47 4.94

ШҚО-да «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

11.11.2022, 16:24 298 Мадина Амангелдіқызы

20 қазан мен 19 қараша аралығында ШҚО аумағында «Браконьер» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілуде.

Ол браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау, жолын кесу және экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстағы полиция қызметі табиғатты қорғау  іс-шараларына қатысу бойынша жұмысын күшейтті, табиғатты қорғау заңнамасының бұзушылықтарды анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге және ашуға, оның ішінде ішкі істер органдарының уәкілетті мемлекеттік органдармен, басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылында браконьерлікпен күресуге бағытталған  бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруда.

Негізгі міндет – аңшылық, ағаш кесу, балық ресурстарын өндіру, экспорттау, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін тасымалдаудың заңсыз фактілерін анықтау.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив