KZ
Өскемен
+15°
небольшой дождь жел 4 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Браконьерлерді бір-бірлеп ұстады – ШҚО

24.11.2022, 11:48 253 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында табиғат қорғау заңнамасы бір ай ішінде 358 рет бұзылып отыр.

Тәртіп сақшылары браконьерлердің жолын кесу үшін 380-нен астам рейд жүргізген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Заң бұзушылардың басым бөлігі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал қылмыстық құқық бұзушылық фактісі 10-ға жетті.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзғандардан қайық, синтетикалық ау, суық қару секілді 78 құрал-жабдық тәркіленді. Салынған айыппұл мөлшері 1 миллион 600 мың теңге болды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив