KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

ШҚО-да «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық» вебинары өтті

9.12.2022, 15:38 717 Ләззат Қанатқызы

7 желтоқсан күні Zoom платформасында өткен «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық» циклінің алғашқы вебинарына Қазақстанның түрлі өңірлерінің  әртүрлі ведомство кітапханаларынан 800-ден астам қатысушы жиналған.

Жоба АҚШ Мемлекеттік департаментінің Мәдени және білім беру бағдарламалары Бюросының Американдық бұрыштар бағдарламасы көмегімен, Американдық кітапханалар қауымдастығы және серіктестігімен А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы жүзеге асырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жобаның ашылу салтанатына АҚШ-тың Астанадағы елшілігінің Қоғамдық дипломатия бөлімінің мәдениет атташесі Эмбер Ора, Американдық кітапханалар қауымдастығының Халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Майкл Доулинг (Мичиган, АҚШ) қатысты. Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік және орыс тілдеріне синхронды аударма ұйымдастырылды, оны жұмыс тәжірибесі мол кәсіби аудармашылар сәтті жүзеге асырған.

- Бірінші вебинар спикерлері кітапхана мамандары арасында медиасауаттылық пен оның принциптерін тарату іс-шараларына қатысушылар ретінде Американың кітапхана қауымдастығына танымал мамандар. Эмбер Конгер – Оңтүстік Каролина, Лексингтондағы Лексингтон округі кітапханасы директорының орынбасары. Оңтүстік Каролина Кітапханалар қауымдастығының президенті (2017), Оңтүстік Каролинаның Көрнекті кітапханашысы (2018), Теннесси Университетінің Ақпараттық ғылымдар мектебінің «Инноватор түлектер сыйлығының» иегері. Кристен Калверт – Техас штатындағы Далластың Орталық ауданындағы мемлекеттік көпшілік кітапханалар жүйесінің Эрик Йонссон Орталық кітапханасының меңгерушісі. Кітапхана қызметкерлеріне арналған оқыту бағдарламалары мен тренингтер өткізеді, - дейді кітапхана қызметкерлері.

Екі сағатқа созылған вебинарда спикерлер медиасауаттылық, оның тұжырымдамасын  түсіну, кітапхананың күнделікті тәжірибесінде қолдану саласындағы американдық кітапханалардың тәжірибесімен таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жоба 2023 жылы да жалғасын таппақ. Вебинарлар аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар кітапханашыларға арнап мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды әдістемелік құрал шығаруды жоспарлап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу