KZ
Өскемен
-21°
туман Штиль
515.25 535.91 5.18

Қаңтар оқиғасы. Азаптау дерегі бойынша 327 қылмыстық іс қозғалған

23.12.2022, 10:35 439 Оразай Жеңісұлы

Бас прокуратура қаңтар оқиғасынан кейін азаптау дерегі бойынша 327 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қаңтарда азаптау дерегі бойынша 327 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның ішінде 31 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, біз - арнайы прокурорлар бірнеше істі аяқтадық. Олар сотқа жолданды», - деді Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында ыстық үтікпен азаптау дерегі бойынша 25 адам жәбірленуші, 5 полицей күдікті ретінде танылғаны хабарланған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу