KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 2 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Сенат сайлауы қалай өтеді?

10.01.2023, 12:30 546 Мадина Амангелдіқызы

Қаңтар айының 14-і күні елімізде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы болады. Бұл саяси науқан қалай өтеді? Кімдер дауыс береді? Сайлауға түсетін кандидаттардың ұсынылу тәртібі қалай? Осы және өзге сұрақтардың жауабын оқырман назарына ұсынып отырмыз.    
Сайлау қалай өтеді? 
Парламент Сенаты депутаттығына үміткерлерді ұсыну 29 қараша мен 14 желтоқсан (кешкі сағат 18.00-ге дейін) аралығында жүргізілді. Ал кандидаттарды тіркеу барысы 29 қарашада басталып 24 желтоқсан күні кешкі сағат 18.00-де аяқталды. Сайлау науқаны 24 желтоқсанда басталып, 13 қаңтар сағат 00.00-де аяқталады.
13 қаңтар – тыныштық күні. 
14 қаңтар – сайлау. 
Кандидаттарды ұсыну тәртібі қалай және оларға қандай талаптар қойылады?
Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттарды ұсынудың екі жолы бар. Біріншісі облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, аудандық мәслихаттардың сессияларында саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихаттардың өкілдері арқылы ұсынылады. Екіншісі, кандидат өзін-өзі ұсына алады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда ұсынылған 130 кандидаттың 66-сы тіркеуден өтті. 
Парламент Сенаты депутаттығына ұсынылған кандидаттар бірінші кезекте Қазақстан азаматы болуы тиіс. Сондай-ақ кейінгі 10 жыл көлемінде Қазақстанда және 3 жыл тиісті өңірдің аумағында тұрақты тұруы, ең кемі 5 жыл жұмыс өтілі мен жоғары білімі болуы тиіс. Кандидаттың жасы 30-дан төмен болмауы керек. 
Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар сайлауға түсе алмайды.
Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар және заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық жасады деп танылған адамдар кандидат бола алмайды.
Дауыс беру қалай жүзеге асады?
Парламент Сенаты депутаттарының сайлауында ел азаматтары тікелей дауыс бере алмайды. Сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өтеді. Яғни, қарапайым тұрғындар үшін біз сенім артқан мәслихат депутаттары таңдау жасайды. Айта кетейік, егер сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші 50 пайызға жетпесе онда сайлау өтпеген болып саналады. 
Сайлаудың қорытындысы қашан шығады?
Сенат депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткен күннен бастап жеті күннің ішінде, биылғы 20 қаңтардан кешіктірмей белгілейді және сайлау қорытындылары туралы (сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Кандидаттардан қандай құжат талап етіледі?
Егер Сенат депутаттығына кандидаты мәслихат ұсынған жағдайда: кандидатты ұсыну туралы мәслихаттың шешімі; кандидат ретінде қатысуға келісімі туралы өтініш.
Ал азамат өзін-өзі ұсынатын болса: депутаттыққа кандидат ретінде қатысуға өтініш; автобиагорафиясы; сайлаушылардың кандидатты қолдаған қолын тексеру қорытындылары туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамасы; кандидаттың және оның жұбайының немесе жұбайының табысы мен мүлкі туралы декларацияны ұсынғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамалары; кандидаттың сайлау жарнасын төлегенін куәландыратын құжаттар. Сайлау жарнасы ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшеріне тең, 2022 жылы оның сомасы 900 мың теңге болды. Бүгінде – 1 миллион 50 мың теңге.


Ғаламтордағы дерек көздерінен әзірленді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив