KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
448.81 476.82 4.77

Қалжыр ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды – ШҚО

8.02.2023, 15:33 486 Оразай Жеңісұлы

Күршім ауданының Қалжыр ауылында 5 төсектік күндізгі стационары бар дәрігерлік амбулатория ашылды.

Медициналық мекеме бір ауысымда 20 адамды қабылдайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қалжыр ауылдық округінде 1 374 адам тұрады. Аудан орталығынан ауыл 200 шақырымға жуық жерде орналасқан. Мұнда жергілікті тұрғындарды да, жақын маңдағы елді мекендерден - Жаңаауыл, Қазақстан, Тақыр ауылдарынан да адамдарды қабылдайтын болады.

Жаңа амбулатория барлық заманауи медициналық талаптарға жауап береді.

Ауылдық амбулатория заманауи жабдықтармен жабдықталған, ғимарат жылытуға қосылған, су құбыры мен кәріз жүйесі тартылған.

«Бұл әлеуметтік мәні бар маңызды объекті. Дәрігерлік амбулаторияның ашылуы көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейтуге, әсіресе шалғайдағы Қалжыр ауылында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді Күршім аудандық ауруханасының бас дәрігері Ләйлім Шоқаева.

Жарық, жайлы үй-жайда барлық қажетті кабинеттер: терапиялық, педиатриялық, егу, ем-шаралар, акушерлік кабинет, дені сау баланың бөлмесі және басқа да кабинеттер бар.

«Біз дәрігерлік амбулаторияның ашылуын асыға күттік, енді аудан орталығына барудың қажеті жоқ», - дейді жергілікті тұрғын Қанша Әубәкірова.

2023 жылы Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде, Зайсан ауданының Зайсан қаласында емханалар, Ахмирово ауылында дәрігерлік амбулатория салу жоспарлануда. Жалпы, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасының шеңберінде өңірде ауылдық жерлерде 36 жаңа медициналық объекті, оның ішінде 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушерлік пункт және 27 медициналық пункт ашу жоспарлануда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив