KZ
Өскемен
+15°
переменная облачность жел 0,5 м/с, СШ
451.38 487.22 5.14

Кітапханаларға 20 миллион тенге жұмсалды – ШҚО

28.02.2023, 18:36 323 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да өткен жылы кітапханаларға 20 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсалды.

Былтыр Шығыс Қазақстанның кітапханаларына 20 миллионнан астам теңгеге кітаптар сатып алынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстық  Мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжановтың айтуынша, сатып алынған әдебиеттердің көп бөлігі ауылдарға жіберіледі.

-Кітапхана қорын толықтыруға өткен жылы жалпы 20,5 миллион теңге бөлінген. Оған бес мыңнан астам жаңа кітап сатып алынды. Сатып алынған әдебиеттердің 90 пайызын ауылдарға жібердік, себебі аймақтағы 170 кітапхананың 80 пайызы ауылда орналасқан, - дейді басқарма басшысы.

Қазіргі уақытта облыстың кітапханаларындағы кітап қоры үш миллион кітаптан асады екен.  

Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырған болатын. Осы ретте еліміздегі кітапханаларда, оның ішінде мектеп кітапханаларында кітап қорын жаңарту және толықтыру бойынша жұмыстар қолға алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив