KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
478.58 520.84 5.44

Өскеменде көпбалалы аналарға 15 мың теңгеден беріледі

28.02.2023, 19:05 243 Мадина Амангелдіқызы

Төрт және одан көп баласы бар әйелдерді материалдық ынталандыру шаралары жыл сайын жүргізілетін болды. Биыл Өскеменде 3780 ана осындай ақшалай төлем алады екен.

Өтемақы сомасы 15 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Төлемдердің жалпы сомасы - 567 мың теңге. Оны "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған 372 ана және "Күміс алқамен" марапатталған 530 ана, "Батыр ана" атағын алған 103 әйел және "Ана даңқы"ордендерімен марапатталған 115 әйел алады. Сондай-ақ, облыс орталығында 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 2660 көпбалалы ана тұрады, - деп хабарлады Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Төлемдер "Қазпошта" бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив