KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Банкрот болғандар жоғары жалақы ала ала ма – Қаржы министрлігі

28.02.2023, 20:13 300 Мадина Амангелдіқызы

Банкрот деп танылған азамат ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен бiрнеше есе жоғары жалақыға жұмысқа тұрған жағдайда не болады?

Бұл сұраққа ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов түсініктеме берді, деп хабарлайды Altaynews.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"Банкроттықтан кейін, айталық, заңды түрде жұмысқа тұрып, жалақы ала бастаған адамдарға келетін болсақ, оларға ешқандай шектеулер мен айыппұлдар қолданылмайды, өйткені бұл еңбек қатынастары, ал егер ол жоғары білікті маман болса, ол жоғары жалақы алуға толық құқығы бар", - дейді Қайрат Миятов.

Сондай-ақ ол банкроттық бірқатар өте ауыр зардаптарға әкеп соқтыратынын еске салып өтті. Мысалы, несие алуға бес жылға шектеу қою және борышкердің жағдайын қаржылық бақылау.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив