KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
447.89 476.78 4.79

ШҚО-да бухгалтер мектеп қаражатын құмар ойынға жұмсаған

шартты сурет

17.03.2023, 11:17 634 Оразай Жеңісұлы

Күршім ауданында мектеп бухгалтері мекеме қаражатын құмар ойындарға жұмсап жіберген.

11,9 миллион теңге қолды болды, 

Ол қаражатты 2018 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың шілдесіне дейін өзінің және туыстарының банк картасына аударып келген.

«Күдіктінің кінәсі экономикалық сараптаманың қорытындыларымен, куәгерлердің айғақтарымен дәлелденді. Сотталушы өзі де кінәсін мойындады», - деп мәлімдеді Күршім аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот айыпталушыны мойындағанын, өкінгенін және жас балаларының барын ескере отырып, мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру және үш жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив