KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Шығыста көшкін қаупі сейілер емес

24.03.2023, 09:23 248 Оразай Жеңісұлы

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті тағы дабыл қағып жатыр.

24-27 наурыз аралығында өңір аумағында қар көшкіні жүруі ықтимал, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға – желдің күшеюіне, ауа температурасының күрт жоғарлауына, қар жамылғысының сөгілуіне байланысты көшкін қаупі күшейе түседі.

«Тауға саяхаттаудан бас тартыңыздар. Тасжолдар бойында бірнеше қауіпті учаске бар. Сондықтан сапар кезінде көлікпен түсіп, жол бойына аялдауға болмайды. Төтенше жағдайға тап болсаңыз, «112»-ге қоңырау шалыңыз», - деп жазылған ТЖД хабарламасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив