KZ
Өскемен
+15°
небольшой дождь жел 3 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Белоусовканың ауыз су мәселесі 1 маусымға дейін шешіледі

24.03.2023, 11:13 233 Оразай Жеңісұлы

Глубокое ауданына қарасты Белоусовка ауылын суық сумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі толық шешіліп жатыр.

Бұл туралы облыс әкімі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Қазірдің өзінде құбыр зерттелді, қажетті санына тапсырыс берілді, бұрғылау жұмыстары да басталды. Сонымен қатар, ескі және тозған сорғылардың орнына жаңалары орнатылады, бұл электр энергиясының шығындарын айтарлықтай төмендетеді. Осыған ұқсас жабдық Өскемендегі қазан су қабылдағышында орнатылған және жақсы нәтиже көрсетуде», - деп жазды Даниал Ахметов ресми парақшасына.

Облыс әкімінің айтуынша, алдыңғы мердігер жасамаған клапандарды орнату жұмысы да жоспарда бар.

«Менің ойымша, 1 маусымға дейін жұмыс бірінші кезеңде аяқталады және төрт көшенің тұрғындары суық сумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, кент тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледім», - деді әкім.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив