KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, З
448.56 478.03 4.79

Жаңа жолайрық көлік кептелісін 25%-ға азайтады - Өскемен

27.03.2023, 16:03 176 Ынтымақ Толқын

Облыс орталығындағы Е.П.Славский жағалауы мен Желтоқсан көшелерін жалғайтын жаңа жол салынбақ. Ертіс көпірінің астынан салынатын жол бәйтерек маңындағы көлік кептелісін азайтпақ.

Өткен жылы қала көшелерін жақсарту мақсатында Бурова, Космическая, Красин, Брусиловский және Қабанбай батыр көшелерінің жолдары жаңартылып, тротуар салынған болатын. Жыл санап сапасы нашарлайтын жолдардың жай-күйін қала әкімі тексеріп қайтты. Бақылау барысында өтен жылы салынған жолдардың сапасы жақсы екені анықталды. Әзірге тұрғындардан ешқандай шағым түспеген. Алайда, Брусиловский көшесіндегі тротуардың жағдайы мәз емес. Көктемгі қармен бірге жол астындағы құм мен тас та ағып кеткен.

– Былтыр көшенің жолын жөндеп, шетіне тратуар салып берген. Жол сапасы жақсы, оған шағымымыз жоқ. Бірақ, тротуардың жағдайы көріп тұрғандарыңыздай. Бір жыл өтпей жатып екіге айырылып кетті. Енді соны қалпына келтіріп берсе жақсы болар еді, – дейді тұрғындар.

Сапасы сын көтермеген тротуарды салған мердігер компания 3 жылдық кепілдік негізінде аталмыш жолды қайта жөндейді. Күн райы жылынып, жерге асфальт төсейтіндей болғанда жөндеу жұмыстарын бастамақ.

Биыл облыс орталығындағы «Даңқ» мемориалы да жөндеуден өтеді. Жыл сайын кішігірім әрлеу жұмыстары жүргізілетін алаңда биыл кірпіш төселмек. Тұрғындардың сүйікті орындарына айналған мемориалдың жөндеу жұмыстарын қала әкімі 9 мамырға дейін аяқтауды тапсырды.

Ертіс көпірінің астынан жаңа жол салынбақ. Қаладағы ең үлкен ойын-сауық орталығы орналасқан аймақта көлік кептелісін азайту мақсатында әзірленген жоба қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде. Оның нәтижесі сәуір айындың басында белгілі болмақ. Оң шешім қабылданып, жаңа жол салынса, осы аумақтағы көлік кептелісі 25%-ға төмендейді.

– Көктем шығып, күн жылынғаннан кейін қаланы көркейту жұмыстарына кірістік. Ең негізгісі былтыр орташа жөндеуден өткен жолдардың сапасын тексеру. Бүгін көрген жолдардың жағдайы жақсы екен. Бірақ, мердігерлердіңсалған кейбір тротуарлар жарылып кеткен. Олар жақын арада қайта жөндеу дқмыстарына кіріседі. Сонымен қатар, Е.П.Славский жағалауы мен Желтоқсан көшелерін қосатын жаңа жолдың да жұмыстары басталуға жақын. Жоба сараптамадан өткеннен кейін бірден жұмысқа бірден кірісеміз, – деді Жақсылық Омар.

Облыс орталығының жазғы көркін қалпына келтіру жұмыстары қаланы тазалаудан басталмақ. Сонымен қатар, келер айдың ортасынан бастап көшелерге гүл отырғызу жұмыстарына дайындық жүргізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив