KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 6 м/с, В
447.89 476.78 4.79

2025 жылға қарай 143 отбасын қолдау орталығы ашылады – вице-министр

30.03.2023, 12:23 272 Оразай Жеңісұлы

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында көп балалы аналармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесті.

АҚДМ өкілінің айтуынша, 2025 жылға қарай 143 отбасын қолдау орталығы ашылады,  

– Отбасын қолдау, отбасылық жанжалдарды шешу және жалғызбасты аналарға уақытша тұру орталықтарын құру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2021-2022 жылдары республика бойынша 68 отбасын қолдау орталығы ашылды. 2025 жылға дейін тағы 143 орталық ашу жоспарланып отыр, - деді вице министр.

Осы орайда айта кетейік, Шығыс Қазақстанда 3794 көпбалалы отбасы бар. Соның ішіндегі 2660 жанұяда төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала бар. Сонымен қатар 152 аз қамтылған отбасы (2040 адам) атаулы әлеуметтік көмек алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив