KZ
Өскемен
-2°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

ШҚО-да жастар несиесіне өтініш қабылдау басталды

20.04.2023, 10:49 424 Ләззат Қанатқызы

Жастарға арналған шағын несие жасы 21 мен 35 аралығындағы, өтініш берген сәтте жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне 5 жыл толмаған жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

ШҚО-да жастар үшін 1 млрд 90 млн теңге сомасында 218 шағын несие қарастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады.

Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 %.

Кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қабылданады. Кепілге қоятын мүлік болмаса, кепіл берушіні (ата-анасы, туысы, т.б.) тартуға болады.

Жастар несиесіне өтініш пен құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына тапсыру керек. Мекенжайы: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 51.

Сонымен, қазір Аграрлық несие корпорациясының барлық облыс орталығы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы филиалында жастар несиесіне өтініш қабылданып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив