KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, СБ
451.38 487.22 5.14

ШҚО-дағы кәсіпкерлік нысандарда 5 жыл бойы кірме жолдар болмаған

20.04.2023, 18:08 245 ALTAINEWS

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне бір топ кәсіпкерден кәсіпкерлік нысандарға кірме жолдар ұйымдастыруға көмек көрсету туралы өтініш келіп түскен.

Алайда кәсіпкерлер мемлекеттік органдармен мәселені 5 жыл бойы шеше алмаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

2019 жылдан бастап кәсіпкерлер өздерінің коммерциялық нысандарына кірме жол ұйымдастырып беру туралы уәкілетті органдарға бірнеше рет жүгінген. Бірақ мәселе өз шешімін таппаған.  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп уәкілетті органдар мен мүдделі тұлғалардың қатысуымен отырыс ұйымдастырды. Нәтижесінде кәсіпкерлердің коммерциялық нысандарға кірме жолдарды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив