KZ
Өскемен
+22°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
451.77 485.97 5.07

ШҚО: биыл 93 мыңнан астам бала жазғы демалыспен қамтылады

28.04.2023, 17:08 390 Ләззат Қанатқызы

Биыл көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалар толықтай жазғы демалыспен қамтылады.

Жазғы маусымда өңірде тілдік лагерь, спорттық, туристік, өлкетану және бизнес-лагерьлер жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оның ішінде, 19 қала сыртындағы, 195 мектеп жанындағы және 204 мектеп жанындағы бейінді алаңдар ашылады. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер клубтары ойын-сауық, шеберлік сыныптарымен және басқа да түрлі іс-шаралармен қамтылады.

Облыс әкімдігінің отырысында облыс әкімінің міндетін атқарушы Алмасхан Сматлаев ағымдағы жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 100%-ы жазғы демалыспен қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасымен алғашқы рет «Қонақжай отбасы» пилоттық жобасы қолданысқа енгізіліп отыр. Жоба аяында қаланың балалары Өрел, Берел және Катонқарағай ауылдарындағы отбасыларға барып, 20 күн бойы қонақ болады. Тіл үйреніп, ежелден келе жатқан дәстүрлермен жақын танысады. Қазіргі уақытта балаларды қабылдайтын отбасылар анықталып, бағдарламалар әзірленген. Оған тіл үйренуден басқа түрлі экскурсиялар, шығармашылық және спорттық іс-шаралар да енгізілген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив