KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

ШҚО-да мамыр айында құрғақшылық бола ма?

шартты сурет

3.05.2023, 14:30 324 Оразай Жеңісұлы

«Қазгидромет» мамандарының айтуынша, мамырда бірнеше өңірде құрғақшылық болуы әбден мүмкін.

Дегенмен, синоптиктердің сөзіне сенсек, қуаңшылық Шығыс аймағын айналып өтеді. Егіс науқанында өңірімізде ылғалдану жағдайы нормаға жақын болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Қостанай облысының Қарасу ауданында, Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Астрахан аудандарында, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Глубокое, Зырян, Ұлан, Катонқарағай аудандарында және Өскемен қаласында, сондай-ақ Алматы облысының Талғар ауданында оңтайлы ылғалдану жағдайы болжанады», делінген хабарламада.

Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында құрғақшылық күтіледі. Мұнда мамырда ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын жаумауы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив