KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 8 м/с, С
457.98 490.86 5.26

ШҚО-да ереже сақтамаған 7 адам жауапкершілікке тартылды

4.05.2023, 22:03 211 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да өрт оқиғаларының алдын алу үшін 225 адамнан тұратын мобильді топтар құрылған.

Облыста шөп пен қоқыс өрті жиі болғандықтан өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қызыл жалын көбінесе ашық аумақта, саяжай алаптары ауданында және тұрғын үй секторынан шығады. Өрт сөндірушілердің айтуынша, мұндай жағдайлар тұрғындардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауынан жиі қайталанатын көрінеді.

 Өрттің алдын алу үшін 225 адамнан тұратын мобильді топтар құрылған, олардың қатарына өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы органдар, полицейлер, орманшылар кіреді. Профилактикалық рейдтер кезеңінде мобильді топтар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін 7 азаматты жауапқа тартты, дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ШҚО ТЖД құтқарушылары ғарыш мониторингінің көмегімен өрт сөндіру бөлімшелері жедел пысықтайтын және өрттің одан әрі таралуына жол бермейтін жылу нүктелерін анықтайтынын хабарлаған болатынбыз. Бүгінгі таңда өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 9 жылу нүктесі уақтылы анықталды. ​ ​

Сондай-ақ құтқарушылар тұрғындарға табиғатқа және саяжайларға барған кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін тағы да еске салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив