KZ
Өскемен
+28°
переменная облачность жел 1 м/с, С
475.03 517.21 5.44

ШҚО: «Қонақжай отбасы» жобасына 50-ге жуық ата-ана өтінім берген

17.05.2023, 20:05 324 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да биыл алғаш рет «Қонақжай отбасы» пилоттық жобасы іске асырылмақ. Аталмыш жоба аясында орыстілді отбасынан шыққан балалар Катонқарағай ауданыа барып, жазғы демалысын өткізеді.

Бұл жоба балалардың қазақ тілін дамытып қана қоймай, практикалық білім алып, экскурсия  жасап, ұлттық дәстүрлермен танысуға да ықпал етеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазіргі күні жобаға қатысуға 47 ата-ана өтінім беріп үлгерген. Өтінім қабылдау 25 мамырға дейін жалғасады.

- Берел, Өрел және Катонқарағай ауылдарындағы 32 отбасы балаларды қабылдауға дайын, қазір олармен дайындық жұмыстары жүргізілуде. Балалар ауылға 10 маусым күні келіп, 30-ына дейін қонақ болады. Қандай да бір себептермен уақытын қысқартуға да болатынын айта кету керек. Аталған ауылдарда арнайы штаб жұмыс істейді, оған полиция, психологтар мен педагогтар кіреді. Сондай-ақ ата-аналар үшін әлеуметтік желіден арнайы топ құрылып, күніне екі рет есеп жіберіліп отырады, - деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.

Айта кету керек, өңірдің түкпір-түкпірінен, яғни Глубокое, Алтай, Шемонаиха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларынан да өтініш келіп түскен.

- «Қонақжай отбасы» жобасына 12-14 жастағы балалар қатыса алады. Олар тіл үйреніп, тамаша табиғатпен танысып, экскурсия жасайды. Атап айтқанда, Берел қорғаны мен басқа да қызықты жерлеге барады, - деп түсіндірді Динара Шаухина.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив