KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 3 м/с, С
519.58 609.36 6.63

Облыстық полиция департаменті балалар байқауын ұйымдастырады

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

20.05.2023, 14:04 438 Оразай Жеңісұлы

Облыстық полиция департаменті Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан полициясы балалардың көзімен» деген байқау жариялады.

Шығармашылық байқауға 1-7 сынып оқушылары қатысады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқау екі номинация бойынша өткізіледі. Біріншісі – «Үздік сурет».  Бұған 1-4 сынып оқушылары қатысады. Ал 5-7 сынып оқушылары «Үздік эссе» аталымы бойынша бақ сынасады.

Қатысушылар өз жұмысын kzusupova774@gmail.com поштасына 25 мамырға дейін жолдауы тиіс. Сондай-ақ Шәкәрім даңғылы, 1 мекенжайындағы Полиция департаментінің ғимаратына жеткізіп беруге де болады.

Сурет салуға қолданылатын материалдарға шектеу жоқ (қағаз, картон, кенеп, акварель, сия, түрлі-түсті қарындаштар, акрил, гуашь және т.б.). Ал эссе мәтіні түсінікті болуы шарт.

Жеңімпаздар I, II немесе III дәрежелі дипломдармен марапатталады, ал үздік деп танылған туындылар БАҚ-та жарияланады.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу