KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

14 елді мекенде сапалы ұялы байланыс болады – ШҚО

көрнекі сурет

20.05.2023, 17:43 300 Оразай Жеңісұлы

2023 жылдың соңына дейін Зайсан ауданындағы 8, Тарбағатай ауданындағы 6 елді мекенде сапалы ұялы байланыс болады.

Бұл туралы AMANAT партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының саяси кеңесі бюросының отырысында айтылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Зайсан және Тарбағатай аудандарының шекарадағы елді мекендерін сапалы интернетпен қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Мәселен, Зайсандағы 33 ауыл талшықты-оптикалық немесе мыс байланыс желілері бойынша интернетке тіркелген. 2023 жылдың соңына дейін Зайсан ауданы бойынша 8 елді мекен, Тарбағатай ауданы бойынша 6 елді мекен ұялы байланыс операторларының қолданыстағы лицензиялық міндеттемелері шеңберінде интернетпен қамтамасыз етіледі, – деді цифрландыру және мұрағаттар басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Гүлназ Ахметова.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив