KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 2 м/с, В
451.03 487.47 4.94

Бұқтырма жағалауындағы демалыс аймағына қызмет көрсету үшін КМК ашу керек

Фото: ашық дереккөз

22.05.2023, 09:15 371 Дәурен Аллабергенұлы

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы туризм кеңесінің (комитетінің) көшпелі отырысы Жаңа Бұқтырма кентінде Алтай ауданы әкімшілігі өкілдерінің және туристік бизнес субъектілерінің қатысуымен өтті.

Сын көтермес жолдар, қоқыстарды шығару, жағажайдағы демалушылардың қауіпсіздігі, курорттық аймақтағы қоғамдық тәртіпті сақтау – кездесу барысында кәсіпкерлер қозғаған негізгі мәселелер болды, деп Altaynews тілшісі. 

Іс-шараға Алтай ауданы әкімінің орынбасары Сергей Охременко, Жаңа Бұқтырма кентінің әкімі Мұрат Мұхаметжанов, ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев, ШҚО КП Туризм кеңесінің төрағасы Асқар Оразбаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, Мемлекеттік кірістер, Төтенше жағдайлар, Жаңа Бұқтырма кенті полициясы басқармаларының өкілдері және Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан демалыс базалары бар кәсіпкерлер қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар көптеген проблемалық мәселелерді талқылады. Олардың қатарында өрт қаупі кезеңіне демалыс базаларын дайындау, шомылу маусымы кезеңінде су айдынында қауіпсіз демалуды ұйымдастыру, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және салық заңнамасы мәселелері, жазғы туристік маусымда қоғамдық тәртіпті сақтау, қатты тұрмыстық қалдықтар мен сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселелері бар.

­– Жаңа Бұқтырманың бір әкімдігі, оған қоса аудан әкімдігі бұл үлкен мәселелерді ешқашан шеше алмайды. Сондықтан, ең болмағанда, нақты түгендеу жүргізетін коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болуы керек, олар әр үйді, әр иесін қайта түгендейді. Тиісінше, ҚТҚ мәселесі де осы ұйым арқылы шешіледі. Ал егер ол шеше алмаса, көмекке тағы да жекеменшік күші тартылады", – деп  Сергей Охременко көтерілген барлық мәселелерді мүмкіндігінше шешуге уәде берді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив