KZ
Өскемен
-16°
туман жел 2 м/с, ОШ
451.03 487.47 4.94

ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы театрландырылған қойылым көрсетілді

22.05.2023, 09:55 2 455 Ләззат Қанатқызы

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен облыстық драма театрында «Көлеңке» эксперименттік драмасының көрсетілімі өтті

Аталған спектакльде сыбайлас жемқорлық көріністері, заңсыз баюға деген ұмтылыс бір отбасының тағдырына қалай кері әсер еткені көрсетілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Алайда спектакль соңында адал полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында қылмыскерлер ұсталып, әділдік орнайды.

– Бұл бастама Үкіметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жұмыс жүргізу туралы Қаулысын орындау аясында ұйымдастырылды. Осы спектакльді көріп, әріптестеріміз отбасы құндылықтары, парасаттылық пен адалдық туралы ойланады деп үміттенеміз, – деп атап өтті ШҚО антикор басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев.

Сондай-ақ шара барысында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы соңғы өзгерістер туралы баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік туралы жадынамалар таратылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив