KZ
Өскемен
+18°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
449.76 483 5.05

Жаңа тұрғын аудандарда кітапхана салу мәселесі көтерілді – ШҚО

26.05.2023, 20:30 195 Оразай Жеңісұлы

«AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Жиында шағын елді мекендерде мәдениет нысандарын салу мәселелері қаралды.

Партияның облыстық филиалының баспасөз қызметі «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды бағдарламасы аясында 2025 жылы Глубокое ауданының Белоусовка ауылында Мәдениет үйі салынатынын хабарлады.

Осы орайда кеңес мүшелері облыс орталығының жаңа тұрғын аудандарында кітапхана салу қажеттігін айтты.

«Қаламызда шағын аудандар санының артуына байланысты кітапханалар қажеттілігі туындауда. Мысалы, қаладағы 19-шы шағын ауданда бірде-бір мәдени нысан жоқ. Балалар бос уақытын аулада ойнаумен өткізуге мәжбүр. "Жастар кітап оқымайды" деген қасаң ұстанымнан арылу қажет. Қайта сол балаларды кітап оқуға, өзге де үйірмелерге тартуға жұмыс жасасақ», – деді кеңес мүшесі Мерей Қайнарұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив