KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 1 м/с, С
474.09 514.01 5.48

Ауылдарды дамытуға 200 млрд теңге бөлінді

Фото: inbusiness.kz

5.06.2023, 11:40 235 Оразай Жеңісұлы

Даму әлеуеті бар сегіз жүз ауылға 200 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Мәжілісте елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі туралы Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

«Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту бағытында министрлік «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруды жалғастырып жатыр. 2023 жылы 1,8 мың жобаны іске асыруға шамамен 200 млрд теңге бөлінді. Бұл тұрғыда даму әлеуеті бар 800 ауыл қамтылған», – деді Ә.Қуантыров.

Оның айтуынша, бұл қаражатқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында 222 жоба, 421 әлеуметтік инфрақұрылым жобасы, сондай-ақ 1 168 көлік инфрақұрылымы жобасы іске асырылып жатыр.

«Бұл ретте осы бағдарлама аясында облыстар бойынша бюджеттік инвестициялар тиімділігінің нақты мысалдары бар екенін атап өткен жөн. Мәселен, Павлодар облысының Ертіс ауданында 2019-2022 жылдары 5 ауыл қамтылды, онда жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 25 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, осы кезеңде ауданның бұл ауылдарына 7,6 млрд теңге жеке инвестиция тартылды. Мұнымен қоса, Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында «Ауыл – ел бесігі» жобасымен қамтылған 8 ауыл бойынша 4 жыл ішінде 9 жобаны іске асыруға 3,1 млрд теңге бөлінген болатын. Осы ауылдарға 97 жобаны іске асыруға 9,5 млрд теңге жеке инвестиция тартылды. Бұл – өз кезегінде жақсы нәтиже. Осы қадамдар мемлекеттік инвестициялар ауылдардың тартымдылығын арттырады және жеке бизнес те оларды дамытуға инвестиция сала бастайды», – деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив