KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
474.83 518.99 5.4

Қазақстанда вейпке тыйым салу: министр айыптауларға жауап берді

Фото:elements.envato.com

5.06.2023, 14:10 236 Оразай Жеңісұлы

Мәжіліс кулуарында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бұған дейін ведомство Қазақстанда вейпке тыйым салуды баяулатып отыр деп мәлімдеген қоғам белсенділерінің айыптауына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әлібек Қуантыров әрбір заң жобасы реттеушілік әсерді талдаудан өтуі керек екенін еске салды. Министрдің айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің вейпке тыйым салу жөніндегі тиісті заң жобасы жарты жылдан бері РӘТ-ден өте алмай отыр, бұл үшін ведомство барлық рәсімдерді дұрыс жүргізуі керек.

"Біз оларды бірнеше рет қайта қарауға қайтардық, өйткені РӘТ ережелері сақталмаған. Біз шағын және орта бизнесті де ойлауымыз керек. Денсаулық сақтау министрлігі бәрін дұрыс жасағанда, біз оған дайынбыз. Өз басым вейпке тыйым салуды қолдаймын. Тек тыйым салу дұрыс емес. Бірақ, жалпы алғанда, біз оған дайынбыз", – деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив