KZ
Өскемен
+4°
переменная облачность Штиль
448.81 476.82 4.77

Білім басқармаларына мониторинг жүргізіледі

Фото: invest-tula.com

5.06.2023, 16:27 238 Оразай Жеңісұлы

Оқу-ағарту министрлігі 5 маусым мен 5 шілде аралығында бүкіл өңірдің білім басқармасының қызметіне кешенді мониторинг жүргізілетінін хабарлады.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауеновтің айтуынша, мониторинг басқармаларда ғана жүргізіледі. Зерделеу тобы балабақша, мектеп, колледж және басқа да білім беру ұйымдарына бармайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Білім басқармаларына мониторинг жүргізуге мұғалімдер немесе білім беру ұйымдарының директорлары тартылмайды. Барлық білім беру ұйымдарында жазғы демалыс басталды, мұғалімдер бекітілген кестеге сай демалысқа шыға алады. Қорытынды емтихандардан кейін мұғалімдердің еңбек демалысына ештеңе кедергі болмауы керек. Білім басқармаларының қызметін зерделеу үшін барлық бағыттар бойынша арнайы критерийлер әзірленді», – дейді Ернұр Дауенов.

Айта кетейік, мониторинг барысында министрлік комитеттері мен департаменттерінің мамандары және ведомстволық бағынысты ұйымдары өңірлерге әдістемелік көмек көрсетеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив