KZ
Өскемен
+30°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Мүгедектігі бар адамдарға кредит беру шектеле ме?

Фото: Dribbble.com. ©Mia Ditmanson

5.06.2023, 16:52 340 Оразай Жеңісұлы
Мүгедектігі бар адамдарға кредит беруді шектеуге жол берілмейді. Бұл туралы мәжіліс депутаттары сауалына жауап берген премьер-министр Әлихан Смайылов айтты.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша І, ІІ, және IІІ топтағы мүгедектігі бар 66,7 мың адамның негізгі қарызының жалпы сомасы шамамен 39 миллиард теңге болатын тұтынушылық займдары мен шағын несиелері бар. Қазіргі уақытта банктер кредит берген кезде өтінім беруші табысының дәлелі ретінде ресми кірістерден (зейнетақы аударымдары туралы деректер негізінде есептелген) бөлек өтініш берушінің банктік есепшотына немесе картасына кейінгі алты айда түскен түсімдерді қабылдай алады. Бұған қоса мүгедектігінің болуы немесе өтінім берушінің зейнетақы аударымдары жоқтығы, сонымен қатар орта, немесе жоғары білімінің, еңбек өтілінің болуы (болмауы) және басқа да осындай жағдай себебімен кредит беруді шектеу және бас тарту белгілеуге жол берілмейді, - деді Үкімет басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив