KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2,7 м/с, ОШ
464.72 496.32 5.4

Алакөлге апаратын жолдың құрылысы 2024 жылы аяқталады

Фото: el.kz

5.06.2023, 18:17 213 Оразай Жеңісұлы

"Омбы-Майқапшағай" тасжолының Алакөлге апаратын бөлігін жөндеу 2024 жылы аяқталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді.

"Омбы-Майқапшағай" жолы 2025 жылы толығымен аяқталады. Қазір бізде Аягөзден ары қарай Алакөлге дейінгі шағын учаске бар. Жолдың қалған бөлігі де жөнделіп жатыр. Автомобиль жолдары комитетімен сөйлестім. Олар өткелді биыл ашамыз, келесі жылы жолды аяқтаймыз деп уәде берді", – деді Нұрлан Ұранхаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив