KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 1,4 м/с, ОБ
448.81 476.82 4.77

Операторлар арзандатылған дизельді фермерлерге қаншаға сатуы керек?

Фото: novoetv.kz

6.06.2023, 11:16 196 Оразай Жеңісұлы

Орташа баға қалай бекітілген?

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев операторлар арзандатылған дизельді фермерлерге қаншадан сатуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Биыл Энергетика министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, әкімдіктермен және «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп біркелкі жеткізу кестесін дайындады. Өткен жылы айына 20 мың тоннадан 152 мың тоннаға дейін ауытқыса, биыл айына 81 мың тоннадан 117 мың тоннаға дейін біркелкі жеткізілді. Осы біркелкі жеткізу кестесі жанармай құю станцияларына көбірек дизель отынын жіберуге мүмкіндік берді», – деді министр.

Алмасадам Сәтқалиевтың сөзінше, дизель отынын жеткізетін операторлар 1 литр дизельді егіншілерге 204 теңгеден жеткізіп жатыр. Орташа баға осындай болып бекітілген.

«Бұл автожанармай құю станциясындағы бағадан 31 пайыз төмен», – деді энергетика министрі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив