ШҚО-да құрғақшылық болуы мүмкін бе?
Фото: mobillegends.net
Маусым айында республиканың басым бөлігінде ауа райы ылғалды болады.
Дегенмен синоптиктер бірнеше өңірде құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Еліміздің солтүстік-батысындағы, оңтүстігіндегі кейбір аудандарда, солтүстік пен орталықта орташа құрғақшылық болады.
Орташа құрғақшылық болатын өңірлер:
- Ақтөбе облысының Әйтеке би, Ырғыз және Хромтау аудандарында;
- Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында;
- Қызылорда облысы Қармақшы ауданында;
- Ақмола облысы Жақсы ауданында;
- Қарағанды облысы Шет ауданында.
Оқи отырыңыз