KZ
Өскемен
+25°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Жасөспірімдерді бақылау күшейді – ШҚО

Фото: altaynews.kz

7.06.2023, 20:16 187 Ләззат Қанатқызы

Облыс аймағында бүгін «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Жедел-профилактикалық іс-шара 9 маусымға дейін жалғасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шараның басты мақсаты жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды пайдалану фактілерінің жолын кесу болып табылады.

 "Жазда балалардың бос уақыты көп болады. Сондықтан да заңнаманың талаптарына қайшы келетін әрекетке баруы әбден мүмкін. Құрметті ата-аналар, балаларыңызға бас-көз болып, түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз сыртқа шықпауын қадағалауларыңызды сұраймыз", дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив