KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2 м/с, В
464.72 496.32 5.4

Air Astana билет бағасын негізсіз өсірген

Сурет: en.m.wikipedia.org

9.06.2023, 12:06 273 Оразай Жеңісұлы

Air Astana билет бағасын негізісіз өсіргені үшін айыппұл төлейді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көлік прокуратурасы органдарымен бірлесіп Air Astana қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тексеру нәтижесінде әуе компаниясының авиатасымал нарығындағы үстем жағдайды теріс пайдаланғаны әшкереленді. Air Astana әрбір авиабилеттен жанармай алымын негізсіз алып отырған.

8 маусымда Алматы қаласының мамандандырылған әкімшілік ауданаралық соты әуе компаниясына 6,7 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив