KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
447.89 476.78 4.79

Мемлекеттік қызметкерлер бақ сынасты – ШҚО

Фото: Тілеубек Шаяхмет

9.06.2023, 15:51 318 Ләззат Қанатқызы

Бүгін А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мен ШҚО мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен “Дәстүрден тағылым” атты байқау өтті.

Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ұйымдастырылған шараға облыстың түкпір-түкпірінен келген 14 қызметкер қатысып, өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Байқау «Қазақ халқының мәдени мұрасы», «Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері», «Дәстүрлі халық мәдениеті – экранда» атты үш кезеңнен тұрды.

– Бүгін үш кезеңнен тұратын “Дәстүрден тағылым” атты байқауда ертеден келе жатқан, ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерге, ұлттық ойындарға баса назар аударылыпты. Ол біздің ізімізді жалғастырып келе жатқан жас мамандарға берілген тәрбие деп ойлаймын. Мемлекеттік қызметкерлер күні қарсаңында осындай ауқымды шара өткізіп отырған ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – дейді Катонқарағай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Тұрсынхан Базарбаев.

Қиын да қызықты жарыста қызметкерлер алдымен өз өнерлерін ортағы салды. Бірі ән айтып, би билесе, тағы бірі өзі шығарған өлеңдерін оқып, күй шертті.

  Бүгінгі байқау мемлекеттік қызметкерлер арасында мәдени-тарихи құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Биыл алғашқы рет өткізгенімізбен, алдағы уақытта жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Байқау нәтижесі бойынша 3-орында Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Аида Омарова тұрақтаса, 2-орын Катонқарағай ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Тұрсынхан Базарбаевқа бұйырды. Ал ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Назерке Есхатова жүлделі 1-орынға ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив