KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
473.15 515.12 5.4

Қазақстан электр энергиясын Түркия мен Еуропаға экспорттайды

Сурет: www.alibaba.com

9.06.2023, 15:59 225 Оразай Жеңісұлы

Қазақстан электр энергиясын Еуропаға тарту жобасын пысықтап жатыр. Бұл туралы Астана халықаралық форумында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде электр энергиясы қуатын жеткізу саласында, бірінші кезекте, ел аумағын толықтай қамтамасыз етуге баса назар аударып отырмыз. Сонымен бірге, біз осы бағытта бірегей әлеуетімізді пайдаланып, энергияны Еуропаға да экспорттауды қарастырып жатырмыз. Әзербайжандағы әріптестерімізбен жоғары қуатты кабельді тарту бойынша жаңа жобаны талқылауды бастадық. Бұл жоба Қазақстанға электр энергиясын Түркияға, Еуропаға жеткізуге мүмкіндік берер еді», – деді А.Сәтқалиев.

Сонымен қатар ведомство басшысы Қазақстан көмірдің орнына отын ретінде табиғи газды пайдалануға назар аударып отырғанын еске салды.

«Таза отыннан өндірілген электр энергиясы бізге экспорттық преференциялар алуға ықпал жасайтынын және ел ішіндегі өндірістерге қажет энергияны қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін түсінеміз. Табиғи газ – көмір ресурстарын алмастыра алатын отын. Бізде осы бағытта кешенді жоспар бар. Сондықтан стратегиялық серіктестермен осы жұмыстарды пысықтап жатырмыз. Жоспарларымызды жүзеге асырудан елеулі нәтиже болады деп ойлаймыз», – деді министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив