KZ
Өскемен
+17°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
444.79 481.04 4.95

Кәсіпкердің ақшасын қайтартты – ШҚО

Сурет: nur.kz

9.06.2023, 17:00 292 Оразай Жеңісұлы

Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында мемлекеттік сатып алу кезінде бизнес субъектілерінің құқығы жүйелі түрде бұзылып келеді.

2022 жылдың қазанында өңірлік кәсіпкерлер палатасына «DXTSTILL» жеке кәсіпкерлігінің директоры Данил Кашура мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт бойынша төлем мәселесін шешуге жәрдемдесуді сұрап, хабарласқан.

«Таза Өскемен» ШЖҚ МКК алдында қабылданған міндеттемелерге сәйкес кәсіпкер жеті күн ішінде жалпы сомасы 5,5 млн теңге болатын акрил сырлы бояуын жеткізген. Алайда тапсырыс беруші төлемді кешіктірген. Кәсіпкер атқарған жұмысы мен бояуы үшін қаражатын алмаған. Мәселе палатаға жүгінген соң ғана шешілді.

«DXTSTILL» жеке кәсіпкерлігінің құқығын қорғау мақсатында облыстық кәсіпкерлер палатасы «Таза Өскемен» мекемесіне тиісті сұрау жолдады.

– Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша берешекті уақтылы төлемеген өскемендік кәсіпорын бизнесменнің құқығын бұзған. Бұл Президенттің отандық бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған саясатына қайшы. Біз «Таза Өскемен» кәсіпорнының әрекеті заңсыз және қалыпты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірді деп санаймыз, – дейді Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің басшысы Рауан Абдуллин.

«Бизнеске жол» жобасы шеңберінде әрекет ететін өңірлік кәсіпкерлер палатасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен жеткізілген тауар ақшасы кәсіпкерге көп кешікпей толық өтелді.

Жамал Ермен

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив