KZ
Өскемен
-15°
туман жел 3,1 м/с, В
451.03 487.47 4.94

Жас ғалымдарға қолдау көрсету ұсынылды – ШҚО

Фото: turkystan.kz

15.06.2023, 11:11 4 403 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да ғылыми мамандықты таңдаған жастарға қолдау көрсетілмек.

Бұл ұсынысты ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарияның қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ректордың айтуынша, қазіргі күні жастарды ғылымға тарту өте өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Сондықтан жас ғалымдарға қолдау шараларын күшейту қажет.

- Мен жас ғалымдарды қолдау шараларын қолға алу керек деп ойлаймын. Себебі бізде түрлі зауыттар бар, ғылыми саланы дамыту үшін ол өте қолайлы орын деп білемін. Алматы мен Астана ғалымдары өз жобалары мен технологияларын кәсіпорындарға енгізгісі келетіндей етіп "Дипломмен ауылға" бағдарламасының үлгісі бойынша арнайы әлеуметтік бағдарламалар құру қажет, - деді Сәуле Рахметуллина.

Сондай-ақ ол облыстағы кадр жетіспеушілігі және техникалық мамандық бойынша білім алып, оқуын тәмамдаған студенттер неліктен мұнда тұрғысы келмейтіні туралы өз ойын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив