KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
478.58 520.84 5.44

Қиын жағдайға тап болған отбасыларына көмек көрсетілуде - ШҚО

Фото: Azattyq-ruhy.kz

29.09.2023, 11:04 212 Айна Ескенқызы

Өскемендегі мамандандырылған балалар үйінде өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың балаларына арналған күндізгі бөлімше жұмыс істейді. Бұл жерге ата-аналар балаларын таңертең қалдырып, кешке жұмыстан кейін алып кетуіне болады.

Жақында облыстағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аксана Каленова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Мақашева балалар үйінде болды. Онда олар балақайлардың жатын бөлмелерін, емдік денешынықтыру кабинетін, монтессори және физиотерапия кабинетін, ас блогын аралап көрді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамандандырылған балалар үйі - жетім балаларға медициналық көмек көрсететін емдеу орны. Бұл жерде жаңа туған нәрестелерден бастап төрт жасқа дейінгі сәбилер болады. Балалар үйінде дәрігерлер, логопед, массажист, музыка мұғалімі, психолог, медбике және күтуші жұмыс істейді. Балаларға барлық көмек көрсетіледі.

Аксана Каленова қызметкерлерден балаларды қажетті медициналық жаб дықтармен, дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен, тазалық құралдарымен, төсек-орын жабдықтарымен және басқа да құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жағын егжей-тегжейлі сұрады.

Сонымен қатар мұнда ата-анасы қиын жағдайға тап болған сәбилерге арналған күндізгі бөлім жұмыс істейді. Одан бөлек дамуында ауытқуы бар, оңалтуды қажет ететін балаларға арналған бөлімше де ашылған. Қазір онда 11 бала бар.

Күндізгі бөлімшеге ата-аналар балаларды таңертең балабақшаға әкелгендей қалдырып, жұмыстан кейін алып кетуіне болады.

Мамандандырылған балалар үйінің директоры Салтанат Фатихова өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған күндізгі бөлімшелер еліміздің барлық өңірінде бар екенін айтады. Мұнда төрт жасқа дейінгі жетім балаларды бағады, сонымен бірге әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларын да күндізгі уақытта қабылдайды.

– Біз бұл бөлімше туралы аналар мен әкелер көптеп естісе, осындай стационар жұмыс істейтінін білсе дейміз. Ата-аналар сәбилерді таңғы 8-де әкеліп, кешкі сағат 18.00-ге таман әкете алады. Мұнда балалар жай ғана тамақтанып, қауіпсіз ортада болмайды. Олардың денсаулығын мамандар бақылайды, балақайлармен логопед, тәрбиеші, музыка қызметкері айналысады. Сондай-ақ «Үміт» тобы бар, ол тәулік бойы жұмыс істейді. Ата-аналардың өтініші бойынша біз балаларды бір жылға дейін қабылдаймыз, – дейді мекеме директоры.

Қазір балалар үйінде төрт жасқа дейінгі 40 бала тұрақты тұрады. Балақайлар төртке толғаннан кейін балалар ауылына және басқа балалар үйіне көшеді. Балалар үйінің ең кішкентай тәрбиеленушісі – туғанына бірнеше күн ғана болған бөпе.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Мақашева балалар омбудсменін ZOOM-конференция режимінде облыстық педиатриялық кеңеске қатысуға шақырды. Кеңес барысында проблемалық мәселелер және оларды ынтымақтастық аясында бірлесіп шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, балалар омбудсмені ювеналды полициямен, әлеуметтік қорғау және білім беру салаларымен Шығыс Қазақстанның медициналық патронаж қызметімен тығыз байланыс орнатуды ұсынды.

– Балалардың медициналық патронажы – бұл бүкіл қоғам үшін үлкен көмек көрсететін жүйе. Қиын отбасылардан шыққан балдырғандар білім беру және әлеуметтік қорғау жүйесінің назарынан тыс қалады, өйткені ата-аналары ешқайда жүгінбейді. Ал мұнда патронаттық медбикелер балалармен байланыста болады, баланың өмірі мен денсаулығына ерекше жауапкершілікпен қарайды, – деп атап өтті балалар омбудсмені.

Шолпан Ермекқызы өз кезегінде өңірде учаскелерде патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі енгізіліп, жұмыс істейтінін және көбінесе патронаждық медбикелер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтағанын атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив