KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 1 м/с, С
478.58 520.84 5.44

ШҚО-да қатты жел тұрады

Фото: Paryz.kz

29.09.2023, 18:43 147 Ләззат Қанатқызы

«Қазгидромет» ШҚ филиалының деректері бойынша 30 қыркүйекте түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 секундқа жететін жел соғады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды, өте мұқият болуды сұраймыз. Қатты жел кезінде көшеде болсаңыз, дереу ғимаратқа тығылыңыз. Үйлердің қабырғаларына, аялдамаларға, жарнамалық қалқандардың жанына, ағаштардың астына жоламағаныңыз дұрыс, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеу арқылы ала аласыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив