KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, С
442.84 480.97 5

Бүгін Президенттік жастар кадр резервіне өтінім берудің соңғы күні

Фото: Elorda.info

30.09.2023, 12:05 198 Ләззат Қанатқызы

Президенттік жастар кадр резервіне қабылдану үшін өтінім беру мерзімі аяқталуға жақын.

Нақты айтқанда құжаттарды – 30 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін (pkrezerv.gov.kz сайтына) өткізуге болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Резервке іріктеу 1 қыркүйекте басталған болатын. Оған кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі және мемлекеттік тілді B1 деңгейінен төмен емес меңгерген, 35 жасқа дейінгі ҚР азаматтары қатыса алады.

Үміткерлерге қазақ тілін білуден тестілеуден өту үшін Qazaq resmi Test (онлайн) промокодын алу 2023 жылғы 30 қыркүйек сағат 13.00-ге дейін, тестілеуді тапсыру сағат 17.00-ге дейін қолжетімді.

Іріктеу шарттары бойынша кандидаттар 30 қыркүйекке дейін барлық құжаттарды жүктеуді аяқтап, 1 қазанда өтетін іріктеудің кезеңі – «Тестілеу – мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» жазылуы қажет.

Тестілеуге жазылу 30 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін ашық болады. Тестілеу прокторинг жүйесін қолдана отырып, онлайн режимде өтеді, сондай-ақ аудио және бейнежазбамен сүйемелденеді.

Ескертіліп өткендей, үміткерлерге жұмыс орнынан тұрып кетуге немесе біреумен келіссөздер жүргізуге, өзімен бірге қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды), құлаққаптар, қағаз жеткізгіштердің болуына тыйым салынады.

Сондай ақ қатысушылар өз тарапынан келесілерді қамтамасыз етуі қажет:

- Chrome браузері бар компьютер/ноутбук;

- тұрақты және жылдамдығы кемінде секундына 5 мб интернет;

- жұмыс істейтін веб-камера, микрофон және жеткілікті деңгейде көрінуге мүмкіндік беретін жарық болуы;

- бөгде дыбыстың/шудың болмауы.

Тест 25 тапсырмадан тұрады, ұзақтығы 25 минуттан аспайды.

Нәтижелерді есептеу тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер мониторында бірден шығады. Жиналған ұпайлар жеке кабинетте «хабарламалар» бөлімінде көрсетіледі.

Үміткерлерді бағалау нәтижелері олардың жеке кабинеттерінде және pkrezerv.gov.kz сайтында орналастырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив