KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Әскерилер қазыналы қарттарды құттықтады - ШҚО

2.10.2023, 10:20 199 Ләззат Қанатқызы

1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қазыналы қарттарға құрмет көрсетті.

Қарттар күніне орай сап түзеген 27943 әскери бөлімі Солнечное кентіндегі әлеуметтік орталыққа барып, қазыналы қарияларды айтулы күнмен құттықтап қайтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Осы жерге біз үнемі көмек  жасап отырамыз. Бүгін міне, қарттар күніне орай келіп, қарияларымызды құттықтауға жиналдық. Осындай шаралар арқылы егде жастағы адамдар қоғамға қажет екенін сезінеді. Жыл сайын  оларға көңілді концерттік бағдарлама ұсынып, дастарқан жайдық, - дедіәскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі жетекшісі Гүлім Ахмедханқызы.

Әлеуметтік көмек алушылар үшін мұндай жиындар жиі өткізіліп отырады. Дегенмен, бүгінгі шараның орны, әрине, айрықша. Оларға құрмет көрсету -  біздің ең әуелгі борышымыз. Осы ойды негізге алған ұйымдастырушылар бүгінгі ұрпақтың бойындағы елжандылық қасиеті осылайша оянып, артады деген сенімде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив