KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, С
451.03 487.47 4.94

Жаңа аудандар туралы жарлық Ашық НҚА порталында жарияланды

Фото: Мерей Қайнарұлы

29.11.2023, 12:02 124 Қызырбек Дүргінбайұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бұған дейін елімізде екі облыс қайта құрылып, бірнеше аудандар қайта бөлінген болатын. 

Алдағы жылы ШҚО-да тағы екі аудан қайта құрылмақ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Аудандарды қайта құру туралы Президент жарлығы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында жаңа аудандардың құрылуын көздейтін Президент Жарлығының жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Жарлыққа орай ШҚО-дағы Күршім ауданының құрамынан Марқакөл ауданы бөлінсе, Катонқарағай ауданының құрамынан Үлкен Нарын ауданы бөлініп, жеке аудан статусына ие болды.  

– Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысындағы жаңа аудандарды қалпына келтіру және қалыптастыру жаңадан қалпына келтірілген және құрылған аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін береді, – делінген Ұлттық экономика министрлігінің хабарламасында.


Президент жарлығына орай көрші Абай облысында да бірнеше жаңа аудан құрылмақ. Жаңа аудандар арқылы еліміз шекараны шегендеп,  ел іргесін бүтіндей түспек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив