KZ
Өскемен
+31°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Глубокое ауданында екі баланы ит қауып алды

29.11.2023, 15:04 69 ALTAINEWS

Глубокое ауданының Белоусовка кентінде екі баланы ит қауып алды.

Оқиға ағайынды балалар достарымен ойнау үшін көршінің ауласына барған сәтте болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ит ағайынды балалардың бірін 21 қараша күні қауып алған. Бірақ бүлдіршін ата-анасына құлап қалғанын айтыпты. Артынша, 25 қарашада оқиға қайталанып, екінші бала зардап шегеді.

Қазір балалар Ана мен бала орталығында ем қабылдап жатыр.

- Бір бала нейрохирургия бөлімінде. Өзін жақсы сезінеді. Екіншісі 25 қараша күні көз микрохирургиясы бөліміне жатқызылды. Бас терісі, қабағы мен беті жараланыпты. Шұғыл түрде ота жасалды, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив