KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
451.03 487.47 4.94

Өскемендегі жаңа сауда кешенінде ауылшаруашылығы өнімдері сатылады

29.11.2023, 16:20 142 ALTAINEWS

Жуықта Өскеменде тағы бір жаңа сауда-ойын сауық кешені ашылады.           

Өскемен қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңадан ашылатын «Гостиный двор» сауда-ойын сауық кешенінің сауда орындарында азық-түлік пен ауылшаруашылығы өнімдері де сатылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.        
 

-    Бір кездері қараусыз қалған алаңда тұтастай бір кешен бой көтерді. Ең бастысы - сапа мен қызмет көрсетудің жоғары стандарттары ескерілген. Бұл салауатты бәсекелестік қана емес, сонымен қатар кәсіпкерлердің тұтынушы алдындағы жауапкершілігі. Қызмет көрсету сапасына инвестиция салуға деген ұмтылыс ел экономикасын барынша тиімді дамытады. Дәл осындай жобаларды қолдауға болады. Бұл орталықтың іске қосылуы бағаны тұрақтандыруға көмектеседі деп сенеміз, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар.

Айта кетсек, сауда кешеніне қарасты «Yaya Park» ойын-сауық орталығы ашылып, балалардың бос уақытын тиімді өткізетін сүйікті ойын алаңына айналып үлгерді. Мұнда түрлі ойын алаңдары, активити парк, аниматорлармен шоу бағдарламалар, шыңға өрмелеу, садақ ату ойындары мен отбасылық дәмхана ұйымдастырылған.

Өңірдегі креативті индустрияны дамытуға бағытталған бұл жобаның  нәтижесінде жүздеген адам жұмыспен қамтылады.



Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив