KZ
Өскемен
+31°
переменная облачность жел 3 м/с, В
474.83 515.38 5.5

Қазпоштада 273 млн теңгеден астам қаржы ұрланған

Фото: kazpost.kz

29.11.2023, 19:31 103 Анель Слямғазықызы

7 өңірлік филиалда 11 қылмыстық іс тіркелген. Олардың қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар.

 

2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірде жалпы сомасы 273 миллион теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты "Қазпошта" АҚ PR қызметіне сілтеме жасап.

 

"Қазіргі таңда ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды", – делінген компанияның хабарламасында.

Қазпошта бұл бағытта құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив