KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
451.03 487.47 4.94

ШҚО-ның дәрігерлері семейлік әріптестерімен тәжірибе алмасты 

29.11.2023, 18:03 94 Айна Ескенқызы

Абай облысында алғаш рет Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған орталығы инновациялық медицина бөлімшесі дәрігерлерінің мультидисциплинарлық тобы мастер-класс өткізді.

Шығысқазақстандық мамандар екі күн бойы Семей медициналық университеті госпиталінің нейрохирургия бөлімшесінде жасаған операциялар кезінде көрші облыстағы әріптестеріне дәріс оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мастер-класс аясында инновациялық медицина бөлімшесінің меңгерушісі, нейрохирург, PHD докторы Жандос Уаптың басшылығымен көрші облыстың он тұрғынына жоғары технологиялық операция жасалды. Абай облысында алғаш рет пациентке жұлынға нейростимулятор имплантацияланды.

Мастер-класс аясында тағы бірнеше жоғары технологиялық оталар жасалды, мысалы, ишемиялық инсульт қаупі бар науқасқа экстра интрокраниальды шунттау жүргізілді. Операцияның мәні – қан тамырларының зақымдалған аймағын айналып өтіп, қан айналымының жүруіне мүмкіндік беретін балама жолды құру. Айналма жол шунт деп аталады.

Сондай-ақ мастер-класс барысында жұлынға тоғыз күрделі эндоваскулярлық операция жасалды, олардың арасында Вада тестімен мидың қатерлі ісігін эмболизациялау жүргізілді. Бұл тест операциядан кейінгі функционалдық бұзылуларды болжау үшін нейрохирургиялық отаны  жоспарлау барысында қолданылады.

Семейлік мамандар жұлынға мұндай операцияларды бұған дейін өздері жасап көрмеген.

-    Абай облысының он пациенті құтқарылды. "СМУ" КЕАҚ университеттік госпиталінің басшылығы Өскемен қаласының Жандос Уап бастаған дәрігерлер тобына - Мұхтар Қорабаев, Ғұмар Қаденов, Рауан Қылышбеков, Ертай Сымбатұлы, Әбілқайыр Омарбек сынды білікті мамандарғашеберлік сыныбын өткізгені үшін үлкен алғысын білдіреді. Барлық пациенттер осы жоғары технологиялық медициналық көмекті МӘМС аясында алды, - деп хабарлады Семей қаласының университеттік госпиталінде.


Айта кетейік, өскемендік дәрігерлер тобы университет госпиталінің техникалық мүмкіндіктерінің жоғары екенін, осындай күрделі операцияларды жасау үшін заманауи жабдықтармен толық жарақтандырылғанын атап өтті. 

Шығыс Қазақстанға келетін болсақ, Жандос Уап бұл операция түрлері өңір тұрғындарына қолжетімді екенін ескертті. Ол үшін клиникада жабдықтар да, кадрлар да жеткілікті. Бұл мәселеде әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тарапынан қаржыландыруға назар аудару қажет дейді дәрігерлер. 


Кәмал Естай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив